ПЕРЕВОД ПОЖАЛУЙСТА НА РУССКОМ!!!

7 сентября 2016 / Школа

ПЕРЕВОД ПОЖАЛУЙСТА НА РУССКОМ!!!

Қазір балалар мен жасөспірімдерге арналған көптеген журналдар мен газеттер бар.Олар: «Айгөлек», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Ақ желкен», «Ұлан», «Жыл он екі ай».Мен бастауыш сыныпта оқығанда «Айгөлек»,»Балдырған» журналдарына жазылып, үзбей оқыдым. Апай тіл, әдебиет пәндерінен реферат жазуды тапсыратын. Кей кездері кітапханаға баруға уақыт болмайды. Сол кезде мен осы журналдарды пайдаландым.
Жоғары сыныпта «Ақ желкен» журналына және «Ұлан» газетіне жазылатын болдым. Олардан жаңалықтарды оқимын, өзіме қажетті, құнды ақпараттарды табамын. Ақпараттарды сабаққа пайдаланамын. Кейде кітапханадан таба алмаған ақпараттарды осы газеттер мен журналдардан табамын. Мәтіндерге қоса айқын, түрлі түсті иллюстрациялар беріледі. Иллюстрациялар мазмұнның есте қалуына көмектеседі. Әсіресе «Қазақ тілі «, «Қазақстан тарихы» сабақтарынан реферат, баяндамалар жазуыма көп көмегі тиеді. Журналдың тұрақты айдарлапы қызықты, танымдық материалдарға толы. Олар қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі,орыс әдебиеті, жаратылыстану пәндері, технология, дене тәрбиесі, тарих пәндерінің мазмұның толықтырады
Әр сандарында ойындар, кроссвордтар, сөзжұмбақтар, ребустар бар. Мен әсіресе сөзжұмбақтарды қызыға шешемін
Осы газет журналдардың арқасында мен көптеген достар таптым, өз ойымды ашық айтуға үйрендім. Шығырмашылықпен айналысуыма да көмегін тигізеді. Көптеген талантты балалар өз өлеңдерін, әңгімелерін, очерктерін,репортаждарын жазады.Солармен танысамын.


Добавить комментарий