Сын есімнің жұрнақтары қандай

12 августа 2016 / Школа

Сын есімнің жұрнақтары қандай


Комментарии: 1
  1. akbotaamanzhol
    12 августа 2016 в 6:45 – Ответить
    Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар:
    1. лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі т. б.
    2. -сыз, -сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, жол ас-сыз, ағаш-сыз т. б.
    3. -ғы, -гі, -қы, -кі: жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы, соң-ғы, күз-гі, түн-гі т. б.
    4. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік, кәмелет-тік т. б.
    5. -шыл, -шіл: жер-шіл, үйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл т. б.
    6. -шаң, -шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шен т. б.
    7. -дай, -дей, -тай, -тей: үй-дей, қой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей т. б.
    8. -кер, -қой, -қор, -паз, -ымпаз, -імпаз: табыс-кер, найза-гер,
    әуес-қой, сән-қой, бәле-қор, жем-қор, шай-қор, өнер-паз, әсем-паз,
    жеңім-паз т. б.
    9. -и, -ы, -і: тарих-и, дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы,
    қадмақ-ы, естек-і, (башқұр-лық), алтай-ы, араб-ы т. б.

    Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар.
    Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар:
    1. -ғак,, -гек, -қак,, -кек, -ақ, -ек: ұрыс-қак, тай-ғақ, үрк-ек, қорқ-ақ, бөл-ек т. б.
    2. -ық, -ік, -қ, -к: тол-ық, сын-ық, аш-ық, ақса-қ, сире-к, біт-ік т. б.
    3. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: біл-гіш, жаз-ғыш, көр-гіш, айт-қыш, бар-ғыш т. б.
    4. -ғыр, -гір, -қыр, -кір: өт-кір, ұш-қыр, ал-ғыр, тап-қыр, біл-гір т. б.
    5. -шақ, -шек: ұрын-шақ, жасқан-шақ, сүрін-шек, қызған-шак, мақтан-шақ т. б.
    6. -ыққы, -іқкі, -ңқы, -қкі: бас-ыңқы, көтер-іңкі, шаш-ыңқы, салбыра-ңқы т. б.
    7. -ынды, -інді, -нды, -нді: жаса-нды, кұра-нды, түй-інді, т. б.
    8. -малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі: көтер-мелі, таңда-малы, айнал-малы, жылжы-малы, ауыс-палы, көш-пелі т. б.
    9. -ымды, -імді, -мды, -мді: жара-мды, шыда-мды, қон-ымды, келіс-імді т. б.
    10. -аған, -еген: қаш-аған, сүз-еген, теб-еген, қаб-аған т. б.
    11. -улы, -улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы т. б.
    12. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: қыз-ба, бұра-ма, бас-па, боя-ма т. б. —

Добавить комментарий