Мектеп кітапханасы шығарма жазындар ( напишите мини сочинение на казахском языке на тему «Школьная

30 июня 2016 / Школа

Мектеп кітапханасы шығарма жазындар ( напишите мини сочинение на казахском языке на тему «Школьная

библиотека)


Комментарии: 1
  1. senzora
    30 июня 2016 в 23:25 – Ответить
    Кітапхана — дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап — білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор. Қазіргі таңда кітапханадағы кітап қоры -9311 дана, әдеби кітап — 3818 дана, оқулық -5493 дана, электронды оқулықтар – 18 дана
    Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады.Ол елді, жерді сүюге талапты, 
    кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Одан ақыл — кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз.
    Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт — дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде.

    Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады.Мысалы: «Мейірімділік шуақтары» библиотерапиялық кеш, «Класс пен мектеп намысы дегеніміз не?» пікірталас, «Кітапхана білімпаздар мекені» кеш, «Әдебиетке балалықты әкелген» конференция, «Ардақтайық ата тілін» кітап көрмесі , «Туған елім-Қазақстан» ауызша журнал , «Ата мұрам — асыл қазынам» сайыс, «Денсаулық — байлықтан да қымбат» ертеңгілік т.б. бірнеше көптеген іс-шаралар өткізілді.
    Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда.
    Өмірде бар нәрсе өзгерді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай , келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін.
    Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан — дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары , талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек.Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі — мектеп кітапханасы. Кітапханалар сол оқу орындарындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы ертеңгі ел маманының еліне , жеріне деген сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері — халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет.
    Ел Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасында «ХХІ ғасырда білімсіз мүмкін емес.Халықты салауатты да сауатты бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма тәрізді. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор.
    Оқу процесін қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын — оқу кітапханасы. Мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет көрсете отырып, сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапхана болып табылады.

    Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптар мен жұмыс жасай білуге үйрету — кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.

    Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманды мемлекетіміздің болашағы — жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр. Білім саласын ақпараттандыруға байланысты «ҚР Конституциясының 44- бабына сәйкес және ҚР-сының ортақ білім беру жүйесін дамыту мақсатында », — деп көрсетіліп, 1997 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ҚР президентінің Қазақстан Республикасы орталық білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 3645 бұйрығы бекітілді. 

Добавить комментарий